Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Швейцарияда қырғыз азаматтары БҰҰ ғимараты алдында акцияға шықты


5 мамырда Швейцарияда тұратын бірнеше қырғызстандық Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Женева қаласындағы ғимараты алдына шығып, халықаралық қауымдастықты қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жанжалға назар аударуға шақырды.

Акцияға қатысушылар қолдарына «Тәжікстанның бейбіт тұрғындарға қарсы қару қолдануы соғыстық қылмыс болып саналады!», «Шекара жанжалы бейбіт жолмен шешілсін!», «Халықаралық зерттеуді талап етеміз!»,»Қару қолдануға жол жоқ!» деген жазуларды ұстап тұрды.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі Чолпон Орозобекованың айтуынша, қатысушылар «Amnesty International» және «Human Rights Watch» құқық қорғау ұйымдарына да қайрылып, оларды соңғы жанжалды зерттеп, қақтығыстың хронологиясын құрап шығуға үндеген.

«Швейцариядағы қырғызстандықтар бейбіт тұрғындарға қарсы қару қолдануды қатаң айыптаймыз. Мұндай жағдай қайталанбас үшін халықаралық зерттеу керек. Сонымен бірге БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуропалық одақты Тәжікстан мен Қырғызстан ортасындағы су және шекара мәселелерін тыныш жолмен, дипломатиялық сөйлесу арқылы шешуге үлес қосуға шақырамыз», — деді Чолпон Орозобекова.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жанжалға халықаралық қауымдастықтың назарын бұруға шақырған акциялар 2 мамырда Лондонда, Германияның Берлин, Гамбург, Франкфурт және Мюнхен қалаларында, 3 мамырда АҚШ-тың Нью-Йорк, Сан-Франциско қалаларында, 4 мамырда Италияның бас қаласы Римде де өткен.

28-30 сәуірде және 1 мамырда болған ондаған адамның өмірін алған шекарадағы жанжал бойынша Қырғызстан мен Тәжікстанның бас прокуратуралары бірін-бірі «агрессияға барды» деп айыптады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM