Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Швейцарияда 40 елдің делегациясы Украина үшін»Маршалл жоспарын» талқылап жатыр

KAZAKBOL.COM

Швейцарияның Лугано қаласында 40 елдің өкілдері, оның ішінде кәсіпкерлер, халықаралық ұйымдар бар Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру мәселесін талқылап жатыр.

Франс пресс агенттігінің хабарлауынша, конференция ақша жинауға арналмаған. Оның қатысушылары Украинаны қалпына келтіру жолдарын ұсынып жатыр. Атап айтқанда, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Еуропаны қалпына келтіруге қатысты «Маршалл жоспары» секілді бағдарламаны жүзеге асыру керек.

Жиынға Украина атынан елдің үкімет басшысы Денис Шмихаль мен сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба қатысып жатыр. Президент Владимир Зеленский форумға онлайн байланысқа шығады. Жиынға Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де қатысып жатыр.

Франс пресс агенттігінің дереккөзінше, Украинаны қалпына келтіру үшін арнайы қор құрылмақ. Оған Еуропалық одақ және өзге елдерден 100 млрд долларға жуық ақша жинамақ.

Киев экономикалық мектебінің есебі бойынша, Украинаның 45 млн шаршы метр ғимараты бұзылған. Атап айтқанда, 256 кәсіпорын, 656 медициналық мекеме, 1177 оқу орны зымыран соққысынан талқандалған. Бұлардың бәрін қайта салу үшін 600 млрд доллар керек екен.

АҚШ және ЕО елдері Украинаны қалпына келтіруді Ресейдің есебінен жүргізу керек деген ұсыныс айтып жатыр. Дәлірек айтқанда, Ресейдің Центробанктің 300 млрд доллары бұғатталған. Сонымен бірге «қара тізімге» енген Ресейдің шенеуніктері мен кәсіпкерлерінің ақшасы да осы Украинаны қайта қалпына келтіруге жұмсалуы қажеттігі талқыланып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM