Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Швейцариялық фотограф жаңа 500 теңгеге өз суреті қолданылғанын айтты

KAZAKBOL.COM

Банкноттағы дизайнның авторлары ҚР Ұлттық Банктің дизайнерлер тобы.
Швейцариялық фотограф Марсель Букхард жаңа 500 теңгелікте бейнеленген шағаланың авторы өзі екенін растады, — деп хабарлайды Zakon.kz.

«Неткен мәртебе! Кеше Қазақстанның Ұлттық Банкі жаңа қағаз банкнот шығарғанын естідім. Онда шағала бейнеленген. Бұл мәселе кішігірім жанжал тудырды. Неге? Мына суреттен көре аласыздар. Бұл суретті Википедиядан табуға болады. Авторлық құқығы қорғалған, суретті салған — мен», — деп жазды фотограф Facebook желісіндегі парақшасында.

Фото: facebook.com/marcel.burkhard
Фото: facebook.com/marcel.burkhard

«Бұл сөзсіз менің жұмысым. Суреттің банкнотқа қолданылғаны мен үшін абырой. Одан бөлек, компенсациясы да ақылға қонымды болады», — деді фотограф pikabu сайтындағы мақала авторына.

Естеріңізге салайық, жаңа 500 теңгелікте бейнеленген құс жұрттың талқысына түскен болатын. Көбі шағаланың интернеттен алынғанын айтты.

Фото: facebook.com/marcel.burkhard

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM