KAZAKBOL.COM

Жеті баланың анасы. Фото: Замана

Майра Ілесқызы есімді Шымкент тұрғыны бүгінде жеті баланың анасы атанып отыр. Қырық мың теңге жалақыға күн көретін көпбалалы ана өзін әлемдегі ең бай әрі бақытты жан санайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Замана» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Арманым он балаға жетіп тоқтау еді. Жетіншімнен кейін қатты науқастанып, денсаулығым жарамай қалды ғой. Әйтпесе құдайдың бергенін жинап ала берер едім», – деп мейірлене жымиды Майра.

Көпбалалы ана өмірінің бақытқа толы екенін жасырмады.

«Майра Ілесқызы Жүсіптегі боламын. Шәуілдірдегі Отырабат ауылында тұрғанбыз. Ауылда жұмыс табу қиындаған соң, Шымкентке көшіп келдік. Күйеуім мал бағады. Өзім еден жуамын. Жалақым қырық мың теңге. Аллаға шүкір! Отбасында ынтымақ болған кезде береке дариды. Құдайға шүкір, тату-тәтті тұрамыз. Шаңырақтың шай­қалмауы әйелдің қолында. Мен үшін жеті балам мен күйеуімнен асқан байлық жоқ», — деп ағынан жарылды ол.

Тұрғын айтарлықтай қиындық көрмегенін сөз етті.

«Содан болар, өзгелер шулайтындай қиындық көрмедік. Өкіметке рахмет! «Нұрсәт» мөлтекауданынан үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бала-шағам жылы үйде өмір сүруде. Жиын-тойға киетін әдемі тоным бар. Үстімдегі пальтом жәй, жұмыс күні киетінім ғой», – деп әлденеден қысылғандай жарқылдай күлді.

Майра әр баланың өз несібесі барына сенеді.

«Бүгінде әйелдер көп балалы болудан қашады. Қазақтың саны аз. Ұлтымыздың санын көбейту – мына біздердің қолымызда. Бала туғаннан қашқақтасақ, қазақтың ертеңі не болмақ? Әттең, денсаулығым жарамайды. Әйтпесе әлі де болса туғаннан қашпас едім. Өз ұрпағыма да көп балалы болғанды өсиет етіп айтып отырамын. Әрине, басқа тартсаң, аяққа жетпей жататыны жасырын емес. Бірақ әр баланың өз несібесі бар. Неғұрлым бала көп болса, несібе де еселеп келеді ғой», — дейді ол.

Көпбалалы ана жеті баланы нәсіп еткеніне шүкіршілік білдірді.

«Басында қиналғанмен, бүгінде баламның алды 23-те. Қолқанатым. Жеті балам жеті жақтан шүпірлеп үй жұмысын атқарады. Жаман ба? Жазда тыным таппай өз нандарын тауып келеді. Жеті баланы нәсіп еткен Аллама сансыз шүкір!», — деп ойын түйді ол.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя