Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Шымкентте 50 жастағы жездесінен балалы болған қыз бар сырын ақтарды (видео, фото)

KAZAKBOL.COM

Жездесінен зорлық көрген оқушы қыз. Фото: azattyq.org

Шымкентте жыл басынан бері 5 оқушы қыздың аяғы ауырлағаны тіркелген. Мамандар бұл мәселені ана мен баланың қарым-қатынасы жоғынан және әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан көреді деп хабарлайды Азаттық.

15 жастағы Жәзира (аты өзгертілді – ред.) – әлден-ақ бір баланың анасы. Әкесі қайтыс болған соң анасы басқа адамға тұрмысқа шығып, Жәзира бес жасына дейін нағашы әжесінің қолында тәрбиеленген. Бастауыш сыныпты бітірген соң нағашы әпкесінің үйінде тұра бастаған.

— Төртінші сыныптан соң сабаққа бармадым. Әпкемнің үйінде күнделікті үй тірлігін істеп жүрдім. Ағаш жардым, су тасыдым, шай беру, ыдыс жуу, мал түгендеу, қора сыпыру менің мойнымдағы жұмыс еді, — дейді ол.

Жәзира 11 жасқа толғанда оған 50 жастан асқан жездесі жыныстық бопса көрсете бастаған.

— Үйде ешкім жоқ болатын. Өзім түсінбедім. Кеудесінен итердім. Қарсыласуға шамам келмеді. Қолымнан қысып ұстап алып, жоғары қайырды. Бірінші рет сол күні қорлық көрсетті… «Біреуге айтсаң, өлтіремін» деп пышақ көрсетті. «Үйден қуамын» деді. Қорыққаннан ешкімге айтпадым, — дейді Жәзира.

Жәзираның сөзінше, жездесі оны 14 жасқа тола зорлай бастаған. Аяғы ауыр екенін білмеген бала денесінің сәл тола бастағанын семіздік деп ойлаған. Бір күні таңертең іші ауырып, қатты қиналған Жәзира үйге кіре бере босанып қалған кезде ғана екіқабат екенін білген.

— «Апа» деп айғай салдым. Әпкем келгенде жерде бала жатыр екен. Басым айналып құлап қалайын деп тұрдым. Әпкем сол жерде сұрақтың астына алған. Айтқаныма сенбеді. «Жала жауып отырсың» деп арқамнан бір-ақ ұрды. Анамды шақырды. Келмеді. У-шудан соң кешке перзентханаға жіберді. Сол жерге анам келді. Бәрін айттым. Анам «тергеушілерге, дәрігерлерге баланың кімнен болғанын айтып бер» деді. Айттым, — деп көзіне жас алады Жәзира.

«ОҚУШЫЛАРҒА ЖЫНЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ АЙТУ КЕРЕК»

Шымкент қалалық білім бөлімі жалпыға білім беру және тәрбие жұмысын дамыту секторының меңгерушісі Айгүл Текебаеваның сөзінше, 2016 жыл басталғалы бес оқушы қыз жүкті болып қалған.

— Оның ішінде жаңа оқу жылында екі қыз жүкті болған. Бүгінде барлығы босанып, білімдерін жалғастырып жатыр. Олардың әлеуметтік жағдайы да назарда. Зорлық-зомбылық кесірінен жүкті болып босанған Жәзираны оқумен қамтамасыз етіп отырмыз, — дейді сектор меңгерушісі.

Айгүл Текебаеваның сөзінше, жүкті болған бес оқушының ең кішісі – 14-те, үлкені – 17 жаста. Олардың екеуі ата-аналарының келісімімен тұрмысқа шығып кеткен.
pogudx1atrh5lqq0q8.f8ac9845
Жездесінен зорлық көрген оқушы қыз. Фото: azattyq.org

— Ерте жүктілікке кезіккен қыздардың отбасының 80 пайызының әлеуметтік тұрмысы төмен. Оның үстіне жартылай отбасында тәрбиеленіп отырғандары да бар, — дейді Шымкент қалалық білім бөлімі өкілі Айгүл Текебаева.

Ол «мұндай оқиғаны болдырмас үшін мектептерде оқушыларға жыныстық қарым-қатынас туралы әңгіме айту қажет, әсіресе аналары баласының тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек» деп біледі.

«ҚЫЗДАРДЫҢ КӨБІ АНАЛАРЫНАН ҚОРҚАДЫ»

Оқушылардың жыныстық қарым-қатынас жайлы білімдері кемшін екенін 41-мектеп-лицей психологы Жанат Төлебекова да растайды. Оның сөзінше, жоғарғы сыныпта оқитын оқушы қыздардың көбі құрбыларымен ғана сырласады, жыныстық қатынас туралы айтуға ұялатын не одан хабарсыз балалар көп.

— Мұның бәрі ана мен қыздың арасындағы қарым-қатынастың төмендігін көрсетеді. Ана өзі қадам жасап, қызымен достық қарым-қатынас орната білу керек. Шынайы әңгіме құрып, сенімінен шығу керек. Оқушы қыздардың көбінде анасына деген сенім емес, қорқыныш басым, — дейді Жанат Төлебекова.

Психолог жастай зорлық көрген не жүкті болған қыз баланың депрессивті күйге еніп, жасына сай дамымай қалатынын да айтады.

— Ол қоғамнан алшақтайды. Өзіне-өзі тыйым салып, жан-жақты артта қала бастайды, -дейді Жанат Төлебекова.

Психологтың бұл сөзін 5 айлық баласы бар 15 жастағы Жәзираның халі де растайды. «Оқуымды жалғастырамын, бірақ армандауға қорқамын» дейді ол.

Шымкент қаласында соңғы 6 жылда 79 оқушы қыз босанған.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM