Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина Ресей басқыншылығы салдарынан 565 млрд доллар шығынға батты

KAZAKBOL.COM

«564,9 миллиард доллар. Ресей басқыншылығы салдарынан Украина осындай шығынға батты», — деп жазды Украинаның бірінші вице-премьері Юлия Свириденко Facebook’тегі парағында.

Оның айтуынша, бұған әскери қимылдар кезінде қираған немесе бүлінген инфрақұрылым ғана емес, соғыс салдарынан ел экономикасының құлдырауы да кіреді.

Көрсетілген қаражаттағы 119 миллиард доллар — инфрақұрылым шығыны; 112 миллиард — 2022 жылғы ішкі жалпы өнім шығыны; 90,5 миллиард — бейбіт халық шығыны; 80 миллиард — кәсіпорындар мен ұйымдар шығыны; 54 миллиард — украин экономикасына арналған инвестициялар шығыны; 48 миллиард — мемлекет бюджетінің шығыны.

Свириденконың хабарлауынша, әскери қимылдар салдарынан көлік инфрақұрылымы, азаматтар мен ұйымдардың мүлкі жойылды. Бір айда 8 мың шақырымнан астам жол жарамсыз болып, ондаған вокзал мен теміржол бекеттері, порттар мен әуежайлар қирады. Украиналықтар 10 млн шаршы метр тұрғын үйден, 200 мың автокөліктен айрылды, тағы 5 млн адам азық-түліксіз қалды.

Юлия Свириденко шығын күнде өсіп жатқанын айтты. «Сол себепті біз Ресейдің шығынды өтеуін талап етеміз. Бұны Ресей Федерациясының бұғаттағы активтерін Украинаға беруге рұқсат беретін сот шешімдері арқылы да жүзеге асыруға болады», — деді ол.

Свириденконың пікірінше, сонда ғана Ресей «Украинадағы қылмысының қаншалықты ауыр екенін түсінеді».

Бір айдан астам уақытта Ресей әскерінің зымырандары Украинаның бірқатар ірі қаласын жермен-жексен етті. Олардың арасында Мариуполь және Харьков қалалары да бар. Елдің инфрақұрылымы бұзылды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM