Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте қатерлі дертке шалдыққан көп балалы ананы кішкентай ұлдары асырап отыр (фото)

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласының тұрғыны Ділбар Құттыбайдың басына түскен жағдайына қарап, «жығылғанға жұдырық» сөзінің тауып айтылғанына қайран қаласыз. Осыдан 4 жыл бұрын жұбайы қайтыс болған көп балалы ана көз жасын тыя алмай жатып баспанасынан да айырылған. Ол аз десеңіз, қорғансыз әйелдің денсаулығы да сыр беріп, артынша ауыр дертке шалдығады.

Ділбар Құттыбай. Фото: tvk-uko.kz

Ділбар Құттыбай туралы осыған дейін де бірнеше БАҚ жариялап, жазған болатын. Солардың ішінде ТВК арнасы да бар. Көптің көмегіне жүгінген жалғызбасты ананың тағдырына бейжай қарамаған жандар қол ұшын да созды.

Алайда, 5 баласын асыраудан бөлек, ауыр дертімен арпалысқан Ділбардың жағдайы әлі де оңалар емес.

17 жастағы үлкен ұлы аз-маз ақша табамын деп шырылдап жүргенде, сырқат анасына қарау Айбек есімді кішкентайдың мойнына жүктелген. Ол анасының дәрілерін уақытында беріп, артынан ерген үш інісіне бас-көз болады.

«Жұбайым қайтыс болғаннан кейін өміріміз түбегейлі өзгеріп кетті. Жұмыс та, ақша да болмады. Мен балаларымды алып Шымкентке көшіп келдім де, көше тазалаушы болып жұмысқа тұрдым. Бірақ, екі жылдан соң рак ауруына шалдыққаным анықталып, жұмысты тастауыма тура келді«, — дейді Ділбар Құттыбай.

Дәрігерлер екінші дәрежелі жатыр мойны ісігі диагнозын қойғаннан кейін Ділбар 2015 жылдың соңына таман облыстық онкодиспансерге есепке алынады. Осыдан бір жыл бұрын оған ота жасалып, сәулелі терапия қабылдаған. Жасалған рәсімдер оң нәтиже беріп, ісігі басылады. Тек, әбден әлсіреген иммунитет әрмен қарай күресуге әлі келмей емдеуді тоқтатқан.

Содан кейін Ділбар дәрігерлердің қарауында болмапты. Соның салдарынан жатыр мойнындағы ісігі қайта үлкейе бастаған. Ақ халаттылар мұндай жағдайға түсуіне жалғызбасты ананың өзін кінәлап отыр.

Тағы бір мәрте ота жасала ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Ол үшін Ділбарға қайта тексерістен өту керек. Оның денсаулығы мен өмірі дәрігерлер мен өзінің қолында болғанымен, кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің халі не болары ешкімге аян емес.

Өткен аптаның соңында Ділбар Құттыбай облыстық онкодиспансер орталығының химиотерапия бөліміне жеткізілген. Көп балалы ана мен оның өсіп келе жатқан ұлдарының тағдыры сәл де болса алаңдатса, көмек қолын созсаңыздар болады.

Ділбар Құттыбайдың нөмірі: +7 778 585-80-61.

Куттыбай Дилбар Ергешкызы 14.12.1970

ИИН 701 214 401 384

«Қазпочтадағы» есепшот нөмірі: 41 89 73 27 07 87

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM