Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте ауадан ақша жасап келген жанармай бекеті ұятқа қалды (ВИДЕО)

KAZAKBOL.COM

Шымкенттегі «Газпромнефть» жанармай құю бекетінде шу шықты. Көлік жүргізушісі касса қызметкерін ауадан ақша жасап, қалтасын қалыңдатпақ болды деп айыптап отыр. Бұл туралы Newtimes.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.

Əсет Қыдыров есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында орын алған шудың видеосын жария етті. Онда жанармай багының сыйымдылығы 70 литрлік көлікке бекет қызметкерлері 87 литр бензин құйдық деп, көлік иесінің қалтасын қақпақ болған. Алайда темір тұлпар тізгіндеген ер азамат шағым айтып, шу шығарады. Сол сəтте кассирші қыз ешнəрсе білмейтінін айтып, азаматқа түбіртекке көрсетілген соманың жартысын төлеуін сұрайды. Қалғанын өз қалтасынан шығаратынын баяндайды. Бірақ шу шығарған азамат олардан мəн-жайды түсіндіріп беруін талап етеді. Видеоны көрген желі қолданушылар аталған жанармай құю бекеті Шымкенттің кіреберіс аумағында орналасқанын жəне өздері де талай мұндай олқылыққа тап болғанын айтып, дабыл қағуда. Тіпті бірі биліктен халықтың қалтасын қағып келген мұндай бекеттерді бақылауға алуды сұрады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM