Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте депутаттың шофері қожайынының қалай пара алатынын жайып салды (видео)

KAZAKBOL.COM

Әлішер Тұрсынқұлов. Скриншот видеодан

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Гүлнар Мамытқызының көлік жүргізушісі Әлішер Тұрсынқұлов әлеуметтік желі арқылы видео-үндеу жолдады. Ол ҰҚК қызметкерлеріне бұрынғы қожайынынан бала-шағасын құтқаруын сұраған деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеоны Facebook әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы Айгүл Орынбек өз парақшасында жариялаған.

«Мен Шымкент қаласында жедел-жәрдем станциясында болып жатқан оқиға туралы айтпақшымын. Құрманбекова Гүлнар Мамытқызының жеке жүргізушісі болып жұмыс істегеніме 16 жыл болды. Қазір мен өз еркіммен жұмыстан шықтым. Біз  адамдардан ақша алып, оларды жұмысқа орналастырып жүргенбіз. Жұрттан ақшаны алып, Гүлнар ханымға апарып беретінмін. Ол алған парасынан маған бала-шағаңа апар деп ақша беріп тұрды. Біз жедел-жәрдем станциясына жұмысқа орналастырамыз деп елу шақты адамнан ақша алғанбыз.

Олардың ішінде фельдшер, жүргізуші, санитар бар. Біз фельдшер мен жүргізушіден 550 мың теңге, санитардан 250 мың теңге алғанбыз. Ондағы адамдардың жалпы саны елуге жақындап қалады. Ол ақшаның тоқсан пайызы мен арқылы Гүлнар Мамытқызына берілген. Себебі, мен жұрттың сеніміне кіргенмін», — дейді жүргізуші.

Жүргізушінің айтуынша, мұндай іспен айналысқандарына біраз жыл болған. Қолында билігі бар мәслихат депутаты уәдесінде тұрып, айтқан адамдарды жұмысқа алды дейді ол.

«Жаңа жылда көліктер келеді, сосын рәсімдеп, жұмысқа аламыз деп айтылды. Машиналар келді, рәсімдеу болды. Жаңа жылдан кейін денсаулық департаментінің бастығы ауысып кетті. Пакиев мырзаның орнына Егізбаев мырза отырды. Сол кісі келген соң, маған Гүлнар Мамытқызы: «Адамдарың қоя тұрсын, бастық өзгеріп кетті, әзірше вакансия тоқтатылды» деді», — дейді Тұрсынқұлов.

Жұмысын бір жылдан бері күтіп жүрген адамдардың алдында ұялған Әлішер депутаттан мұндай хабарды өзінің айтуын сұраған екен. Бірақ Гүлнар ханым өзі сияқты лауазымды адамдардың қарапайым кісілермен сөйлеспейтінін кесіп айтты дейді жүргізуші.

Ақшасын беріп қойып, жұмыс күтуден шаршаған халық бұдан әрі күте алмайтындарын айтып, жүргізушінің үстінен шағым түсірген.

«Мен оны Гүлнар Мамытқызына айттым, ол өз мойныңа ала тұр, кейін шешеміз деді. Содан 22 ақпан күні күйеуін шақырды. Ол кісінің күйеуі Ыдырысов Қалдыбай Сәдуақасұлы — Ақсукент емханасының бас дәрігері. Олардың жанында Самат деген жігіт болды. Ол жедел жәрдем қызметі  шаруа бөлімінің орынбасары. Солардың жақын туысы болып келеді.  Жұмыс бөлімінің бастығы Назира деген қыз бар. Төртеуі қосылып мені кабинетке кіргізіп, тізімдегі адамдардан «ақшаны мен алғанмын, бәрін өзім қайтарып беремін» деп мойындайсың немесе қаржы полициясына тапсырып жіберемін, кейіннен сені өзіміз шығарып аламыз деп уәде берді», — дейді көлік жүргізушісі.

Бар кінәні мойнына алған жүргізуші арыз жазып, жұмыстан шыққан. Осыдан соң, Гүлнар Мамытқызы мені алаяқ деп айтып, барлық жаланы маған аударды деген Тұрсынқұлов бала-шағасына қауіп төніп тұрғанын алға тартты.

«Қазір енді ол менің отбасыма қауіп төндіріп жүр. Шешем басқа жақта, бала-шағам басқа жақта, өзім басқа жақтамын. Көрші балалардан менің бала-шағамды шақырып беруді сұрапты», — деген ер адам Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінен көмек сұрап отыр.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM