Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте нәрестесін қоқыс маңына тастап кеткен көкек ана видеоға түсіп қалды

KAZAKBOL.COM

Нәрестені тастап кету сәті видеоға түсіп қалды. Видеодан кадр: otyrar.kz

Шымкентте медициналық орталыққа тиесілі сыртқы бейнебақылау камералары нәрестесін қоқыс маңына тастап кеткен көкек ананы түсіріп алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода нәресте дүниеге келген уақытта үстіне капюшоны бар ұзын күртеше киіп алған әйелдің бастапқыда жедел жәрдем көлігі артында жасырынып, кейін нәресте табылған қуысқа қарай асыға жүгіргені байқалады.

Дәл осы әйел алдымен қыз баланы босанып, кейін нәрестесін тастап кеткен болуы мүмкін. Сәби жаңбыр астында бір сағаттан астам уақыт жатқан.

Қыз бала «Дау-мед» мамандарының біліктілігі арқасында аман қалды. Дәрігерлер 40 минут бойы нәрестенің өмірі үшін күрескен. Сәби табылған жерде әлі де қан іздері жатыр.

Фото otyrar.kz

«Дау-мед» медициналық орталығының дәрігері Жалғас Үсенханов сол сенбілік күнді қорқынышпен есіне алады. Ол терезеден нәрестені бірінші болып байқап, оған көмекке жүгірген. Қорғансыз сәби әзер тыныстап суықтан дірілдеп жатты. 

«Мен нәрестені құшақтап, бірден біздің жансақтау бөліміне алып бардым. Одан арғысын есіме түсіре алар емеспін. Қыз бала бетонның үстінде, жаңбыр астында бір сағаттан астам уақыт жатқан болуы керек…», — дейді Үсенханов.

Бүгінде жаңа туылған нәресте №2 перинатальдық орталықта. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екенін айтуда. Сәбидің емханаға түскен уақыттағы дене температурасы 30 градустан төмен болған.

Фото otyrar.kz

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM