Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте отағасы жетінші баласы дүниеге келгенде отбасын асырай алмаймын деп тайып тұрған


Шымкентте жеті баланы жалғыз өзі асырап отырған ана жұрттан көмек сұрайды. Шиеттей балаларының төртеуі киерге киім мен мектеп құралдарының жоғынан мектепке бара алмай отыр деп хабарлайды Отырар арнасы.

Айнұр Жұманова. Кадр Отырар арнасынан алынды

Айнұр Жұманованың жетінші баласы туылған кезде заңды некедегі күйеуі асырай алмаймын деп тайып тұрыпты. Тіпті алимент те төлемейді екен. Ал балаларының нанын әрең тауып беріп отырған ана оларды шарасыз оқудан қағып отырғанына қынжылады. Мектепке баратын төрт баласының киерге киімі, дәптер-қаламының жоғынан қатарластарынан қалып отыр.

«Дүкендерден қарыз алайын десем, 4 мың теңгедей қарызым бар. Алдымен соны құтылып алмасам, бермейді азық-түлікті. Амал жоқ, енді құр вермишельді қайнатып, нан беріп отырмын. Бұлар мектепке барғысы келеді, жіберейін десем, киімі жоқ», — дейді жалғызбасты ана.

Үйдің үлкені, жиырмаға толған баласы анасының жағдайына қарап, оқудың орнына жалдамалы жұмыс істеп, кейде аз болса да бауырларына азық-түлік тауып тұрады екен.

Скриншот Отырар арнасы

Айына небәрі 14 мың теңге жәрдемақы алатын Айнұр Жұманова шиеттей балаларымен суға қайнатқан кеспемен күнелтіп келемін дейді. Алған жәрдемақысынан үнемдеп, мемлекеттің жалға берген баспанасына айына 5500 теңге пәтерақысын төлейді. Азды-көпті жәрдемақыны қайда тартарын білмеген ана жарығының ақысын төлей алмай, қараңғы бөлмеде отыр.

Скриншот Отырар арнасы

Атқамінерлер бұл азаматшаның жағдайын жақсы біледі. Батыр ана мүшкіл жағдайын айтып талай есікті сығаласа да өзіне тиесілі жердемақыдан бөлек басқа көмек берілмейтінін айтып, шығарып салған екен. Тұрақты жұмысы жоқ жалғызбасты ана енді көпшіліктен көмек сұрап отыр. Жомарт жандардың мейіріміне мұқтаж әйел, тым болмаса, балаларына киім -кешек пен азық түлік сұрайды.

Қол ұшын созамын деуші қайырымды жандар болса, мына нөмірге хабарласуға болады: 8-775-744-85-50. 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM