Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте өзіне қол салған жасөспірімнен жоғарғы сынып оқушылары ақша сұраған

KAZAKBOL.COM

№83 мектеп директоры баланың ешқандай оқиғаға килікпегенін, мектепте бәрі тыныш екенін айтқан.

Күні кеше қаладағы «Қайнар бұлақ» тұрғын алабында жасөспірім өз өзіне қол салып, көз жұмды. Марқұм өзін өлімге қияр алдында хат қалдырыпты. Онда әлдекімдердің аты жөні жазылған. Бірақ хатты беруге бата алмаса керек. Әбден майдалап жыртқан. Оны анасы баласының қалтасынан тауып алыпты. 16 жастағы жасөспірім үйдің кенжесі болған. Қаладағы №83 мектепте оқыған, деп хабарлайды  otyrar.kz.

Марқұм сабақты жақсы оқыған, ешқандай бөтен қылығы жоқ, тәртіпті болған. Баласының көңіл күйіндегі құбылмалықты анасы байқаған екен. Алайда оны алдағы ҰБТ сынағына байланысты қобалжу деп жорыған.

«Әдеттегідей үйге келген соң, тамақ дайындауымды өтінді. Ашулы, біреуге өкпелідей көрінді. Аулаға шығып кеткенде, шай дайындап жүргенмін. Шай іш деп шақыруға шыққанымда таппай қалдым. Моншаға кіргенімде асылып тұрғаны көрдім»,- дейді анасы.
Сол күні марқұм әпкесіне қоңырау шалып жоғары сынып оқушылары ақша сұрап маза бермей жатқанын айтып, 7 мың теңге сұрапты. Оған ата-анасы ұялы телефон сыйға тартқан екен. Алайда оны «жоғалтып алдым» депті.

№83 мектеп директоры баланың ешқандай оқиғаға килікпегенін, мектепте бәрі тыныш екенін айтқан. Марқұмның ата-анасы хатта жазылған адамдарды анықтауды сұранып отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM