Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік Назарбаев қайыр сұрап тапқан табысын полицейлермен бөлісіп жүр (фото)

KAZAKBOL.COM

Қайыр сұрап тұрған қария. Фото: Zamana.kz

Бүгінде үлкен қалалардың көшелерінен қайыршыларды жиі көретін болдық. Оларды көрген сайын мұндайлар неге көбейіп кетті деп көңіліміз түсіп қалатыны рас деп жазады Замана газеті.

Кешегі аптада Шымкенттегі Қазыбек би көшесінің бойында өткен-кеткенге қол жайып жүрген қарияны байқадық. Қорқып қалса керек, біздің өзіне қарай жүргенімізді байқаған ол кісі қолындағы ыдысын артына жасырды. Қасына барғанымызда бізді әкімшіліктен келді деп ойласа керек, нанға ақша сұрап жүргенін айтып жыларман күйге түсті.

«Жасым 66-да, әйелім де 60-тан асып барады. Сарыағаштың тумаларымыз. Екеумізде де ешқандай құжат жоқ болғандықтан зейнетақы ала алмай жүрміз. Екі ұл, екі қызым бар. Бір ұлым қой бағады, екіншісі арақты көп ішіп, бауырдан айырылды. Әр жерде жұмыс істеп жүреді. Қызымның біреуі Бадамда, екіншісі екі баласымен қолымда. Олардың бәріне нан керек», — деді өзін Бекет Нұрдинұлы Назарбаевпын деп таныстырған қария

Бұрын Қырғы базарда арба айдаған ол кейін денсаулығы жарамағасын шығып қайыр сұрап жүр.

«Күніге 1000 – 2000 теңге табамын. Кейде соны да жаны ашымайтын полиция қызметкерлері тартып алып кетеді. Олар маған бұлай көшеге шықпа дейді, сонда не істеймін, үйде жата берсек, аштан өлеміз ғой. Өзіміз айына 10 мың теңгеден пәтер жалдап тұрамыз. Ақшаны уақтылы бермесек пәтерден де қуып шығады. Әкімшіліктің қыздары да келіп қайыршылық жасама, кет дейді. Бірақ көмектесемін дегенді айтқан біреуі жоқ. Тым құрыса құжатымды қалпына келтіріп берсе зейнетақы алып отырар едім. Пенсияға шыққым келеді», — дейді қария.

Бекет қарияның әңгімесін тыңдап болып, қоштасып тұрғанымызда ол кісі бізге таңертеңнен бері ештеңе татпағанын айтып нанға ақша тастап кетуімізді өтінді. Қалтамыздағы темір теңгелерді алғаннан кейін ол сол жердегі дүкенге қарай кетіп бара жатты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM