Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік әйелді арнайы төбелеске қатысатын ит талап өлтірді

KAZAKBOL.COM

Шымкентте 64 жастағы әйелді көршісінің арнайы төбелеске қатыстырылатын иті талап өлтірді.

Қайтыс болған Надежда Чумихинаның күйеуі оқиға 22 сәуірде сағат 20:00-де болғанын айтады деп хабарлайды 24 арна.

Әйел қоршалмаған үйінің ауласына шыққан кезде, көрші үйдің иті оған қарай секіріп, тістелей бастайды. Куәгерлердің айтуынша, ит әйелдің денесінің оң жақ бөлігі мен бетінен тістеген. Зейнеткер алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тапты.

Қазіргі таңда итті полицейлер қарауына алған. Жәбірленуші тарап иттің иелерін кешіргенін айтты. Шымкент қалалық полициясы Еңбекші бөлімінің қызметкерлері осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің өткізіліп жатқанын мәлімдеді. Иттің иелеріне Қылмыстық кодекстің 408-бабына сәйкес, айыппұл салынуы мүмкін.



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM