Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Шымкенттік журналист «атасының басына» тиіспек болған әкімді орнына қойды

KAZAKBOL.COM

Фото: ratel.kz

Шымкенттегі  саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының сүйегі жатқан «Қасірет сайына» ойын-сауық орындарының салынғалы жатыр деген ақпарат жергілікті журналистің ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Журналист Мөлдір Нұрманның Шымкент әкіміне ашына жазған мақаласы Matritca.kz интернет-порталында жария болды.

«Қасірет сайында кімнің ата-бабасының көміліп, қанша адамның атылғаны белгісіз. Белгілісі, ол қуғындалған қазақтардың қаны төгілген жер. Ол — зират. Ол сайда ашаршылық жылдары опат болған қазақтар да, Сталиннің қанды қылышынан да қырылғандардың сүйектері шашылып жатыр.

Сай болса да, осы уақытқа дейін жай жатқан жер еді. Ол жерге ешкім көз тіккен де, қызыққан да емес. Өйткені ол сайды жұрттың бәрі бабалар бейіті деп қадірлейді. Адам аяғы баспақ тұрмақ, мал да жайылмайды, онда. Қала әкімінің қалауы сол сайға түсіп қалғанын қараңызшы. Мен осы шаһар басшысына қайран қалам!», — деп жазады мақала авторы.

Журналист ой-шұқырлы жолдарға қаржы жұмсаудың орнына велосипедке арнап жаңасын саламын деген Ғабидолла Әбдірахымовты сынап тастады. Ол қала әкіміне: «Ойын-сауық орынын салғанша, шұрық-тесік жолдарыңдың жамап-жасқап ал», — деген кеңес айтты.

Оның айтуынша, бұл сайда марқұмдардың қалай өлгені мен көмілгенін көрген көнекөздер бар.

«Мынау жоба қариялардың «тәйт» дегеніне қарамай кәдеге асырылса, нағыз әруақтардың басына әңгір таяқ ойнатудың кері болайын деп тұр ғой. Атамның басы жатқан сайда нең бар еді, әкім мырза-ай!», — дейді «Қасірет сайының» болашағына алаңдаған журналист.

Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты теріске шығарып отыр. Олар қуғын-сүргін жылдары опат болғандардың сүйегі жерленген жерге ешқандай құрылыс салынбайтынын алға тартты деп мәлімдейді Матрица порталына берген жауабында әкімдіктің баспасөз қызметі.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM