Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: әскери бөлімде бақылау тексерісін тапсыру аяқталды

KAZAKBOL.COM

Шымкент және Арыс қалаларында, сондай-ақ Жібек Жолы ауылында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлықтың нақты жай-күйін және жауынгерлік даярлық деңгейін анықтау үшін бақылау тексерісін тапсыру аяқталды. Оның барысында мыңдаған әскери қызметшілер бағаланды.

 

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әскери бөлімнің бөлімшелері штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы меңгерудің лайықты іскерлік деңгейі мен дағдыларын көрсетті.

Атап айтқанда, мотоатқыштар, танк, артиллерия, инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері штаттық қару-жарақ пен атыс қаруынан бақылау ату жаттығуларын орындады, арнайы, тактикалық, техникалық, инженерлік дайындық, сондай-ақ радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және техниканы жүргізу бойынша нормативтерді орындады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының арнайы комиссиясы әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік дағдыларының деңгейін және бөлімшелердің үйлесімділігін, жауынгерлік кезекшіліктің жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жай-күйін бағалады.

Бақылау сабақтары, командалық-штабтық жаттығулар және тактикалық жаттығулар барысында барлық дәрежелі командирлердің бөлімшелерді басқару барысында әр-түрлі шешімдер қабылдау қабілетін де бағаланды.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM