Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, 2022 жылдың 1-қарашасында сағат 09:55-те өзінің екі жылдан бергі танысы «мемлекеттік бағдарлама арқылы шағын кәсіп ашуға көмектесемін» деп, сеніміне кіру арқылы 207 000 (екі жүз жеті мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Жасы – 32-де, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Қазіргі кезде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Егер Сіз, қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласыңыз.
Шымкент қаласы Полиция департаменінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM