Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: Базардан күртеше ұрлаған азамат ұсталды

KAZAKBOL.COM

Ерлер күртешесін ұрлап кетті. Оқиға қала аумағындағы базарлардың бірінде, кешкі уақытта орын алған.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, өзі Шымкенттегі көтерме базарлардың бірінде сатушы болып жұмыс жасайтынын және 2022 жылдың 29-қазанында, сенбілік сауда кезінде дүңгіршегінде ұрлық жайты орын алғанын хабарлаған. Онда, белгісіз азамат сатылымда тұрған тауар — ерлер күртешесін ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 33 000 (отыз үш мың) теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚК-тің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке-басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру іс шараларын жүзеге асырды. Көрген-білгендерден жауаптар алынып, бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Нәтижесінде, күдікті азамат Шымкенттегі тұрғылықты мекенжайынан ұсталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Жасы – 43-те, жұмыссыз.

Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған азамат ұрланған киімдерді өзінің бас пайдасы үшін арзан бағада сатып жіберген. Тергеу амалдары жалғасуда.

Егер Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM