Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент полицейлері бір күнде 158 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 158 тәртіп бұзушылықты анықтады. Оның 8-і – ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 2 және 3-бөлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша; 3 – ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша; 2 – ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі «Рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні басқаруға рұқсат беру» бойынша; 6 – ҚР ӘҚБтК – нің 590-бабы «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша; 38 – ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша; 6 – ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM