Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: Сауда нүктелерінде есірткі заттарын жарнамалаудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қаладағы сауда нүктелерінде есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент: Сауда нүктелерінде есірткі заттарын жарнамалаудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғаны атап көрсетілді.

Жауапты мамандар аймақ кәсіпкерлеріне жүгініп, адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертті.
Шымкент: Сауда нүктелерінде есірткі заттарын жарнамалаудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Яғни, бұл әрекет ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 423-бабында (Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) көрсетілген жауапқа әкеліп соғады. Заңды елемеген азаматтарды лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Іс-шара Әл-Фараби ауданына қарасты Тәуке хан даңғылы және Бейбітшілік көшесінің бойында өткізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM