Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: Тәртіп сақшылары оқушыларға сабақ өткізді

KAZAKBOL.COM

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №116 мектепте оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шарада Қаратау АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Асылзада Алдабергенова балаларға құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Аталған дәрісте жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, түнгі уақытта, яғни, сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе, кинотеатр мекемелерде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті. Тәлім мен тәртіптің маңыздылығын кеңінен талқыланып, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылғанын, жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Шымкент: Тәртіп сақшылары оқушыларға сабақ өткізді

Кездесу аясында тәртіп сақшылар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Жиынға қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Шымкент: Тәртіп сақшылары оқушыларға сабақ өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM