Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Әл-Фараби АПБ ғимаратының мәжіліс залында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ермахан Әділханұлы Абдраманов төрағалық еткен кезекті жиын өтті.
Жалпы күн тәртібінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарын бұзбау туралы толығырақ қозғалды.
Жедел жиналыста департамент бастығының орынбасары полиция қызметі мен сыбайлас жемқорлықтың мүлдем сыйымсыз ұғым екенін жіті алға тартып, бұл қылмысқа қарсы күресуді еселей күшейту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар, алға қойылған жоба-жоспарлар жүйелі жүзеге асып жатқанын жеткізді. Тіпті, Шымкент қаласында полицейлердің парадан бас тарту жайттары жылдан жылға артқанын айтып, оңды өзгерістер орын алып жатқанығы жөніндегі нақты дәйек-дәлелдерді ұсынды. Сондай-ақ, басқосу барысында парақорлыққа жол берген жағдайда қолданылатын заң талаптары, тағайындалатын жаза жөнінде айтылды.
«Заң аясында сыбайлас жемқорлықтың салдары және себебімен, сондай-ақ, жемқорлыққа бейімділікпен күресті күшейту керек. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті. Оның ішінде тәртіп сақшылары заңға қайшы әрекетке жол бермеу қажет. Жемқорлыққа қарсы күресті ең алдымен, әркім өзінен бастаған дұрыс. Сонда қоғамда тәртіп пен тыныштық орнап, заң үстемдік етеді», — деп атап кетті полиция полковнигі Ермахан Әділханұлы.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев Мемлекет саясатының ең басты бағыты екенін атап өткен болатын. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы, оның маңыздылығы мен талаптары кеңінен түсіндірілді.
Өз кезегінде шымкенттік полицейлер барша қоғамды және қала тұрғындарын елімізді өркендету жолында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау, тиісінше оның алдын алу бағытында аянбай, бірлесе әрі жұмыла қызмет атқаруға шақырады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM