Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда Таулы Бадахшанның биресми лидерінің тағы бір ұлы ұзақ мерзімге сотталды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда Таулы Бадахшанның биресми лидері және бұрынғы командирі Толиб Аембековтің екінші ұлы, 25 жастағы Хасанали Абдурахмонов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Озоди радиосы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Абдурахмоновқа жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар, заңсыз қару-жарақ сатты, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болды деген айыптар тағылған. Ол сот отырысы кезінде өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамаған.

Хасанали Абдурахмонов пен оның ағасы Гуломали Аембеков 23 шілдеде ұсталған. Осының алдында Гуломали Аембеков, Хайримамад Дустмамадов және Аслан Гулобов генерал Абдулло Назаровтың өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойы түрме жазасына кесілген.

Толиб Аембековтің өзі 11 шілдеде ұсталған. Билік таратқан мәліметте, ол адам өлтіру, заңсыз есірткі және қару-жарақ сату, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру бойынша айыпталып жатқаны айтылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM