Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент: әскери қызметшілерінің жылдамдығы, төзімділігі мен күші тексерілді

KAZAKBOL.COM

Қарулы Күштердің 2022 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ҚР ҚК Бас штабының комиссиясы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының жеке құрамынан дене дайындығы бойынша сынақтарды іріктеп қабылдады.

 

Тексеруге бригаданың басқармасы мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының жеке құрамы тартылды. Әскери қызметшілер жас тобына сәйкес белтемірге тартылып, жылдамдық пен төзімділікке жүгірді.

Механикаландырылған бригада штабының бастығы подполковник Дастан Мұхамеджановтың айтуынша, қай заманда болмасын жауынгердің басты қаруы оның дене дайындығы мен ақыл-ойы, олар оған өз міндеттерін орындауға көмектесті. Әскери қызметшілерден талап етілетін ең бастысы, ол әр-түрлі ауыртпашылықтарды көтере білу.

– Алынған бағалар бойынша әр әскери қызметші көрсеткіштерді жақсарту немесе дене дамуын тиісті деңгейде ұстау үшін қандай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді, – дейді ҚР ҚК БШ Жауынгерлік даярлық департаменті дене дайындығы басқармасының аға офицері капитан Александр Нохрин.

Қарулы күштерде мұндай тексерулер үнемі өткізіліп тұрады. Олар әскери қызметшілердің дене даярлығы деңгейін бағалауға бағытталған. Ал Шымкенттің механикаландырылған бригадасының жеке құрамы жыл сайын жоғары дайындық пен кәсібилік деңгейін көрсетуде.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM