Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте әскери полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті.

KAZAKBOL.COM

Бүгін қазақстандықтар мемлекеттігіміздің негізгі нышаны – рәміздердің бекітілген күнін атап өтуде. Елдіктің тірегін сақтаушы, өскелең ұрпақ үшін қастерлі саналатын мереке күні «Хәкім Абай» музейде ерлік сабағы өтті.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты – отандық патриотизм мен Туға, Елтаңға, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Ерлік сабағы дәстүрге сай мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды.

Сабаққа Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің басшылығы, қалалық «Абай» атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің өкілдері, «Жол көлік колледжінің» топ жетекшісі мен студенттері, сондай-ақ музей директоры қатысты.

Кездесу барысында Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлім басшысының орынбасары майор Құрманбек Заттыбеков Мемлекеттік рәміздерді бойтұмардай қастерлеу керектігін және олар орнатылған мекемелер арнайы комиссияның үнемі бақылауында болып, тоқсан сайын жиындар өтіп, тексеріліп отыратынын айтты.

Сонымен қатар, кездесу аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар қойылды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Егемендіктің айғағы, тәуелсіздіктің тұғырын айшықтайтын рәміздер күні мерекесі аясында еліміздің бүкіл өңірінде түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізілгенін айта кеткен жөн.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM