KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету, көшелерде, аулаларда және өзге де қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 2019 жылдың 5-11 тамыз аралығында «Қауіпсіз аула» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында барлығы 814 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды, оның ішінде белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін-169, ұсақ бұзақылық жасаған-54, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген -245, ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты-22, қаруды сақтау, алып жүру және қайта тіркеу тәртібін бұзған-7, тұрғынжайда тіркеусіз тұрғаны үшін-249 адамға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ жол ережесін бұзғаны үшін 1044 азаматқа әкімшілік шара қолданылды. Қазақстан Республикасында болу заңнамасын бұзудың 52 факті анықталды. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақтарында 15306 пәтер мен үйлерге аралау жүргізді. ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған 2390 адам тексерілді, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар-764, оларға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылғандар-35, әкімшілік қадағалауға жататындар-29, мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленгендер-266, оларға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғандар-1296.

Есепте тұрған тұлғалармен жасалған заңбұзушылықтың 5 жайты анықталды. Бұдан басқа, Пробация есебінде тұрған 584 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді, олар тарапынан жасалған 12 шектеуді бұзушылықтар анықталды.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя