Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығулары өтті

KAZAKBOL.COM

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басшылығымен Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығулары өтті.

 

Іс-шара басқару органдары мен әскерлерді даярлаудың 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу шеңберінде қаланың аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы жауынгерлік әзірлікке келтірілді, әскери объектілерді күзету бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Әскери қызметшілер қорғаныс бригадасының бөлімшелерін тағайындау бойынша міндеттерді орындауға жинақтау мен дайындау мәселелерін пысықтады. Ол үшін жеке құрам мен әскери техниканы қабылдау пункттері ашылды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов басқару органдарының осы жағдайды жинау және талдау, шешім қабылдау, жоспарлау, бағынысты бөлімшелерге жауынгерлік міндеттерді жеткізу жөніндегі іс-қимылдарының үйлесімділігін тексерді.

— Аумақтық қорғаныс бригадасының маңызды міндеті инфрақұрылым мен коммуникацияның маңызды нысандарын қорғау болып табылады, — деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетсек, аумақтық қорғаныс бригадасы – Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлігі шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған Қарулы Күштердің құрамдағы бөлік. Ол осы аймақта тұратын азаматтардан өз қатарларын жасақтап қызметтерін орындайды. Аумақтық қорғаныс бригадаларын қамтамасыз ету мәселелері жергілікті билік органдарына жүктеледі.

 

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM