Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы қарқынды жалғасып жатыр

KAZAKBOL.COM

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» іс шарасы қолға алынған. Осыған орай, тәртіп сақшылары Шымкент қаласындағы аудан аумақтарында оқушыларды қатыстыра отырып, түрлі маңызы мол іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап өтсек, «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында жол жүру ережелерін үйрету дағдыландыру сабағы өтті.

Мәселен, Абай аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры И.Мухина №59 мектептің оқушыларына аталған тақырыптағы дәрісте жол қауіпсіздігін толығырақ түсіндірді. Сабақ барысында LED экран арқылы арнайы бейнероликтер көрсетіліп, көрнекіліктер кеңінен пайдаланылды.

Сондай-ақ, балаларға жол қозғалысы ережесін таныстырып, жол белгілерін жаттатты.

Айта өтетін ақпарат, ауқымы кең шара іс-шара ағымдағы жылдың 10-сәуіріне дейін жалғасын таппақ.

Бала қауіпсіздігі – басты орында.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM