2022 жылдың 1-7 тамыз аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына әр түрлі сипаттағы 8757 қоңырау шалынды. Оның 3604-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Жедел басқару орталығы Бейнебақылау тобының инспектоларымен сыртқы бейнекамералары арқылы 6 қылмыс ашылды. Олар: ұрлық – үш, бұзақылық – бір, есірткі қылмысы – бір, ұсақ түйекті жымқыру – бір.
Бейнебақылау камералары заң бұзушылықтың алдын-алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізуде.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1377 жайт анықталып, хаттамалар толтырылды.
Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 196, жол ережесін бұзған – 1116, одан басқа да 65 жайт анықталды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM