Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ БАЛА АСТАН УЛАНЫП, КӨЗ ЖҰМДЫ

KAZAKBOL.COM

Шымкентте бір отбасының екі баласы астан уланып көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жартылай дайындалған тұшпара жеген. Одан бөлек сүттен дайындалған йогурт ішкен.Әзірге балалардың өліміне не себеп болғаны белгісіз. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Жантүршігерлік оқиға таңғы сағат 4-тер шамасында тіркелген. Бір үйдің үш бірдей баласы мен анасы бастары айналып, іштері өткен. Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырғанымен, ақ халаттылар тек қажетті ем-домдарын жазып қалдырған. Тек, 5 сағаттан кейін бәрінің жағдайы нашарлап, балалар мен анасы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген». ИННА ГЛАЗЕБНАЯ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШСІ: «Қазіргі уақытта отбасы мүшелері нақты неден уланғанын тексерудеміз. Қойылған диагноз бойынша нақты ақпаратты алдағы уақытта айтатын боламыз».

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да келіп жеткен. Құзырлы орган өкілдерінің сөзінше, үй орталықтандырылған жылу жүйенсіне қосылған екен. Сондықтан да газдан улану фактісін мамандар үзілдікесілді жоққа шығаруда. ЗАРИПА ТҰРЫСБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: ««0715 Оқиға орнына ТЖД барып жеткен. Ол жерде толғымыен жүргізе отырып иісті газ болсын, шықпаған анықталған. Жалпы осы бойынша жедел жәрдем диагнозы тамақтан уланған деп көрсетіліп тұр. Кешкісін балдарға йогурт берген». Алдын ала мәлімет бойынша, балалар йогуртттан бөлек, жартылай дайындалған тұшпара де жеген. Одан бөлек, сүт өнімінен дайындалған йогурт ішіпті. 32 жастағы әйел 2008, 2015, 2018 жылы туған балаларымен бірге токсикологиялық бөлімшеге жатқызылған. Алайда, дәрігерлер қанша жанлаласса да 1 және 4 жастағы бүлдіршіндерді құтқара алмапты. ЗАРИПА ТҰРЫСБЕКОВА , ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Сағат шамамен 9-ға жуық тағы да отбасыдан жедел жәрдем шақыртқан, 9-37 келіп, отбасының 87 жылғы анасын, балаларын жұпалы аурулар аураханасына алып келген. Тағайындауы бойынша 3 мүшесі токсигология бөлііміне жеткен, 11:00-де 2015 жылғы бала қайтыс болған, сол күні 14:00-де 2018 туылған бала жас бала қайтыс болған. Оқиға бойынша ТДЖ мамандары оқиға орнына жеткен,табиғи газ болсын шықпаған, және де жалпы ос оқиға бойынша алғашқы қойылған». Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен 2008 жылғы баласының жағдайлары қанағаттанарлық. Ал, әзірге көз жұмған балалардың өліміне не жағдай түрткі болғаны белгісіз. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, нақты себебі соның нәтижесінде анықталмақ. Ал, полицейлер астан улану фактісі бойынша тергеу жұмыстарын бастап кеткен.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM