Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте Халықаралық әйелдер күніне орай әйел-полицейлер құрметке бөленді

KAZAKBOL.COM

Бүгін, көктемнің төртінші күнінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған мерекелік іс-шара өткізді. Шара барысында департамент басшылығы шымкенттік нәзік жанды тәртіп сақшыларын атаулы мейраммен құттықтап, арнайы марапаттар табыстады. Салтанатты жиында полицейлер қызмет бабында қайтыс болған әріптестерінің аналары мен жұбайларын да назарсыз қалдырмай, оларға гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстап, құрмет көрсетті.

Қалалық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков өз құттықтауында қайсар қыз-келіншектердің ер азаматтардан кем түспейтін ерлік әрекеттерін айрықша тоқталып, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтерде елеулі еңбек етіп жүргенін атап өтті. Оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте сәттілік тіледі.

«Әйелдер қауымы бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Мемлекетіміз жеткен жетістіктерге нәзік жандылардың қосқан үлесі зор. Қазақстан әйелдері – тек отбасында ошақ ұйытқысы емес, сонымен бірге игілік пен бейбітшілік, тыныштық пен тәртіпті мүдде еткен елімізде болып жатқан игі өзгерістерге белсене қатысушы тұлғалар. «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі баршаңызға құтты болсын», — деді полиция генерал-майоры.

Мерекелік шарада ішкі істер органындағы өз қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген әйел-қызметкерлерге ІІМ, қала әкімдігі және департамент тарапынан марапаттар берілді. Оның ішінде: Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен 1 қызметкер, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен 3 погонды ару марапатталды. Оған қоса, 1 полицей аруға «ІІМ-нің Құрметті грамотасы» табысталса, 3 қызметкерге Алғыс жарияланды.

Шымкент қаласы әкімінің шешімімен 5 қызметкер Алғыс хаттар алды. Ал, Полиция департаментінің Грамоталары және Алғыс хаттарымен 6 тәртіп сақшысы марапатталды.

Іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты. Көктемнің ең жарқын мерекесінде құттықтай келген эстрада жұлдыздары адамзаттың әдемі жартысының өкілдеріне арналған әндерін әуелете шырқап, керемет көңіл-күй сыйлады.

Шымкент қаласының Полиция департаменті

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM