Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте жедел жәрдем жүргізушілері жалақы өсіруді талап етті

KAZAKBOL.COM

22 желтоқсанда Шымкентте ондаған жедел жәрдем жүргізушісі жалақысын көтеруді талап етті. Наразы топ 80 мың теңге жалақысын кемі 150 мың теңгеге жеткізуді сұрайды.

Сәрсенбі күні таңертең қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының алдына жиналған 70-ке жуық жүргізуші жалақы төмендігін, коронавирус пандемиясына байланысты берілетін үстемақының үш айдан бері берілмей жатқанын айтты.

— 7 жылдан бері осында жұмыс істеймін. Жұмысқа кіргенімде жалақы 70 мың теңге еді. Әлі сол қалпы, көтерілмеді. Күннен-күнге азық-түлік қымбаттап жатыр. Бәріміздің кредитіміз бар. Талабымыз — жалақымыз көтерілсін, — дейді жүргізуші Айдар Бегімбетов.

Жүргізуші Сапарғали Бектұрсыновтың сөзінше, мемлекеттің көлігін айдағанымен техника бұзылса жүргізушілер өз қалтасынан ақша шығарып жөндетеді. Жөндемесе жүргізуші жұмысқа шыға алмайды, жұмысқа шықпаған күнге жалақы төленбейді. Осыған ұқсас жайтты өзге жүргізушілер де айтты.

Станцияның бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова жиналғандарға шуламай, тарауды сұрады. Оның айтуынша, коронавирус індетіне байланысты берілетін үстемақының мөлшері айына 53 мың теңге. Үстемақы айдың соңына дейін беріледі. Жалақы жаңа жылдан бастап өсіріліп, 92 мың теңге болады. Ол жедел жәрдем көлігі бұзылған жағдайда мемлекет қаражатына алынған қосалқы құралдармен жөнделетінін, ол болмаған жағдайда қосалқы құрал келгенше күтетінін, бұл уақыт аралығында жүргізуші жұмыс істемеген соң ақы төленбейтінін жеткізді.

Дегенмен де наразы топ бас дәрігердің бұл жауабына қанағаттанбады.

— Бізді жалақы 92 мың теңгеге көтеріледі деп мазақ етіп отыр. 7 баламмен 50 мың теңгеге пәтер жалдап отырмын. Одан бөлек мойнымда несием бар. Бұл айлықпен қалай күн көруге болады? — дейді Сапарғали Бектұрсынов.

Наразы топ денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат құралдары арқылы қайырылып, жедел жәрдем көлігі жүргізушілерінің жан айқайына құлақ асуды, жұмыс өтілі мен қазіргі инфляция жағдайын ескеріп, жалақыны кемінде 150 мың теңгеге өсіруді сұрады. Көтермеген жағдайда жаппай жұмыстан шығатынын мәлімдеді.

Наразы топқа қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазылов келді. Ол «жалақы аз, 200-300 мың теңге беріңдер деп талап ететін ешқандай құқықтарыңыз жоқ. Себебі бәрі заңмен бекітілген» деді. Ол наразыларды ішке кіріп, сөйлесуге шақырды. Сәлден соң жұмысшылар ішке енді. Келіссөздің немен аяқталғаны әзірге белгісіз.

Осыған дейін Қазақстанның өзге өңірлеріндегі жедел жәрдем қызметкерлері де жалақының көлемі мен үстемақы жөнінде наразылық білдірген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM