Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте жоғалған жасөспірім бала табылды

KAZAKBOL.COM

Абай ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын 16 жасар баласының жоғалғаны туралы айтып, көмек сұраған. Хабарламаны алған бойда іздеу шаралары басталған. Тәртіп сақшылары баланың баруы мүмкін деген аймақтарды жіті бақылап, барлық туыстары мен достарынан жауап алды. Ерекше белгілері назарға алынып, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірім баланың жүруі мүмкін жерлер іздестірілді. Сондай-ақ, қаладағы бейнебақылау камералары да жіті қаралды. Полиция қызметкерлерінің жүргізген нәтижелі жұмыстарының арқасында жасөспірім қала аумағынан аман-есен табылып, ата-анасымен қауыштырылды.

Өз кезегінде баланың анасы тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп: «Қанша дегенмен жасөспірім бала ғой, қатты сөйлеп қалсақ ренжіп қалып жатады. Бірақ есейе келе бұл әдетін қояды деп сенемін. Баламды тауып берген полицейлерге алғысым шексіз. Басымызға оқыс жайттар түскенде бірден осы сақшылардан көмек сұраймыз. Қауіпсіздігіміздің кепілі болып жүрген Сіздерге рақмет»,-деді.

Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті тұрғындардан балаларды қараусыз, назардан тыс қалдырмауларын сұрайды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM