Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте жоғалған жасөспірім бала табылды

KAZAKBOL.COM

Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын 13 жасар баласының жоғалғаны туралы айтып, көмек сұраған. Хабарламаны алған бойда іздеу шаралары басталған. Тәртіп сақшылары баланың баруы мүмкін деген аймақтарды жіті бақылап, барлық туыстары мен достарынан жауап алды. Ерекше белгілері назарға алынып, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірім баланың жүруі мүмкін жерлер іздестіріледі. Яғни, адам көп шоғырланатын жерлер, ойынханалар, саябақтар, қалалық арбат және т.б. орындар. Сондай-ақ, қаладағы бейнебақылау камералары да жіті қаралады. Баланы іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Полицейлердің жүргізген нәтижелі жұмыстарының арқасында жасөспірім қала аумағынан аман-есен табылып, ата-анасымен қауыштырылды.

Өз кезегінде баланың ата-анасы тәртіп сақшылары мен жанашыр еріктілерге де алғысын білдіріп: «Қазір қоғамда түрлі жайттар орын алып жатыр, балаларымызға алаңдаймыз. Шыны керек баламыз бұған дейін де бізді шошытып, бір-екі рет таппай, іздеу салғанымыз бар. Қанша дегенмен жасөспірім бала ғой, қатты сөйлеп қалсақ ренжіп қалып жатады. Бірақ есейе келе бұл әдетін қояды деп сенемін. Баламды тауып берген полицейлерге алғысым шексіз. Басымызға оқыс жайттар түскенде бірден осы сақшылардан көмек сұраймыз. Қауіпсіздігіміздің кепілі болып жүрген Сіздерге рақмет»,-деді баланың әкесі.

Белгілі болғандай, бала жоғалардан бұрын үйінде барлығының ұйықтағанын күтіп, өзінің жинап жүрген ақшаларын алып, үйден шығып кеткен.

«Біз жасөспірім бала жоғалды деген хабарламаны алған бойда, бірден іздеуге кірістік. Ата-анасы айтқан ерекше белгілеріне мән беріп, баланың жүруі мүмкін жерлерді, оның ортасын сұрастыра бастадық. Баланы аман сау тауып, ата-анасына табыстағанымызға шүкір. Осы ретте ата-аналарға баланың бос уақытын саралап, оның жай жүрмеуін қадағаласа екен деп сұраймыз. Қазір оқу жылы аяқталып, демалыс басталды, шомылу маусымы да келе жатыр балаларға сақтық шараларын қатаң ескертіп, ешқандай назардан тыс қалдырмауға кеңес береміз. Сонымен қатар балаларыңызбен сырласып, ойын толық тыңдасаңыздар. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар. Біз әрқашан өз міндетімізді орындап қоғам тыныштығын, азаматтардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету жолында қызмет етеміз»,- дейді баланы тапқан кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор полиция капитаны Мұхтар Ергешбаев.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM