Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте Өзбекстан азаматы «қару дүкеніне шабуылдады» деп 15 жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

6 маусымда Шымкенттегі сот Өзбекстан азаматы Еркинжон Исмоиловты Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру», «қаруды, заңсыз иемдену», «қаруды ұрлау я қорқытып алу», «қаруды заңсыз жасау» баптарымен кәнілі деп тауып, 15 жылға түрме жазасына кесті.

50 жастағы Исмоилов үкімге қатысты да, қару дүнкеніне не мақсатпен шабуылдағаны жөнінде де пікір бермеді. Ол жарыссөзде тағылған айыпты толық мойындайтынын, шын өкінетінін айтып, жәбірленушілерден кешірім сұрады.

Прокурордың сөзінше, Исмоилов бір адамдармен бірге аңшы қаруы мен оның төрт оғын заңсыз иемденіп, оны өзі жалдап тұрған пәтерге жасырған. 20 ақпанда осы қаруды алып, «Арсенал» қару дүкеніне барған және қару дүкенінің сатушысынан «Сайга» қаруын көрсетуді сұраған. Сатушы каруды көрсетейін деп тұрған уақытта өзімен бірге алып келген аңшы қаруын кезеніп, «Сайга» қаруын беруді талап етіп, қаруды алған. Осы уақытта оқиға орнына екі күзетші келген. Сот құжаттарындағы дерекке сай, Исмоилов қашуға әрекет еткен сатушы мен күзетшілерге қарата оқ атқан. Оқ күзетшінің бірінің саусағына тиіп, жарақаттаған. Прокуратура тарабы «айыпталушының адам өлтіру ойы жүзеге аспағанын» айтады.

Жарыссөз кезінде прокурор соттан Исмоиловтың жасаған қылмысы ауыр, қоғамға қауіпті екенін ескеріп, оны 16 жылға соттауды сұрады.

Исмоилов Азаттыққа Өзбекстанның Наманган облысынан Шымкентке келіп, наубайханада нан пісіріп напақа тапқанын айтады. Сөзінше, екі баласы бар. Отбасы оның түрмеге жабылып, сотталып жатқанынан хабарсыз.

Сот үкімі күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге мүмкіндігі бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM