Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттегі Әуе қорғанысы әскерлерінің тәрбиешілері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

KAZAKBOL.COM

Биылғы жылы Қазақстан армиясының тәрбиеші-офицерлері, оның ішінде Шымкенттегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қарасты бригада тәрбиешілері өздерінің кәсіби мерекелерін – Қазақстан армиясының тәрбиелік құрылымдарына – 30 жыл толуын атап өтуде.

Бөлім командирімен қатар, тәрбиеші офицерлер Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі үшін тынымсыз қырағылық танытуда.
Олардың қызметіне жеке құраммен тәрбие және идеологиялық шаралар ғана емес, сонымен қатар психологиялық, социологиялық зерттеуді ұйымдастыру, сондай-ақ әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс кіреді.
Тәрбиешілер күн сайын барлық санаттағы командирлерге әскери ұжымдарда салауатты микроклиматты қолдауда көмек көрсетеді, әскери қызметшілер мен олардың отбасылары арасындағы қарым-қатынастардың моральдық-адамгершілік этикасын қалыптастырады.
Кәсіби мереке қарсаңында бригадада «жеке құрамның идеологиялық және патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру» тақырыбында семинар-кеңес өтті, онда тәрбие және идеологиялық жұмыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жиырмадан астам офицер жиналды. Кездесу барысында Қарулы Күштер ардагерлерінің еңбегіне ерекше назар аударылды. Осындай ардагерлердің бірі запастағы тәрбиеші-офицер подполковник Ғабит Өміров болды. Ол өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жеке құрам мен өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мәселелерінде өзінің көзқарасын айтты.
Іс-шара бөлім командирі, полковник Орынбасар Жұбановтың қолынан ерекше жетістіктерге жеткен әскерилерге грамоталар мен алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.
Айта кетсек, тәрбиешілер институты 1993 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылып, 30 жыл бойы тәрбие және идеологиялық жұмыстың пәрменді жүйесі қалыптасты.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM