Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттің әскери қызметшілері балалар үйіне барды

KAZAKBOL.COM

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің әскери қызметшілері 58 бала тәрбиеленетін №3 балалар үйінде сенбілік өткізді.

 

Әскери қызметшілер балалармен бірге әскердегідей таңертеңгілік дене жаттығу жасап, балалар үйінің аумағын тазалап, абаттандырды.

Өткізілген сенбілікте әскери қызметшілер тәрбиеленушілерді келе жатқан мерекелерімен құттықтауды ұмытпады. Олар өздерімен бірге жемістер, тәтті сыйлықтар мен көптеген ойыншықтар әкелді.

Балалар көзіндегі қуаныш әскери қызметшілер үшін ең жақсы алғыс болды.

«Біз тұрақты негізде ата – анасының қамқорысыз қалған балаларды тәрбиелеу мен дамытуға өз үлесімізді қосуға тырысамыз», — деп атап өтті Шымкент қаласындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник Ғазиз Төлеушев.

Айта кетсек, «Жас Ұлан» мектебінің балалар үйімен достығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Дәстүр бойынша жыл сайын әскери мектептің жеке құрамы балаларға барып, мекемеге қолдан келгенше көмек көрсетеді.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM