Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік полицейлер көшеде адасып жүрген бүлдіршінді тауып, ата-анасына табыстады

KAZAKBOL.COM

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Асар шағынауданында әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде жол бойында жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай баланы байқаған.

2-3 жас шамасындағы баладан оның ата-анасы қайда екенін сұрай бастайды, бірақ тілі анық шықпаған балақайдан нақты жауап ала алмайды. Содан мән-жайды анықтап, ата-анасын табу үшін бүлдіршінді өздерімен бірге Қаратау ауданы Полиция басқармасына алып кетеді. Тәртіп сақшылары адасқан баланың ата-анасын іздеу жұмыстарын жүргізеді. Көрген-білгендерден сұрастырып, мұқият тексереді.

Осындай шұғыл іс-шаралар нәтижесінде, екі сағат ішінде полицейлер баланың анасын тауып, оған өзінен адасып қалған балақайын табыстады.

«Күнделікті түрлі жағдайларды естіп, балаларымыз үшін алаңдаймыз. Барынша қадағалауға тырысамыз. Алайда, бізде осындай күтпеген жағдай орын алды. Баламыз аулада ойнап жүріп, ашық тұрған есіктен көшеге шығып кетіпті. Үйде ешкім байқамапты. Содан дауысы шықпай аулада көрінбей қалғанда іздей бастадық. Өзімді қоярға жер таппай шарасыз отырғанымда, полицейлер хабарласып баламды тапқанын айтқанда шынайы риза болдым. Мың алғыс біздің қорғанымыз – полиция қызметкерлеріне», — деді бүлдіршіннің анасы.
Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен профилактикалық жұмыстарды жүргізді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM