Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік тәртіп сақшылар оқушыларға нашақорлықтың алдын алу мақсатында сабақ өткізді

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірге жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жастарды спортқа баулу мақсатында қаладағы №46 жалпы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру болып табылады.

Іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Нұрлан Сембаев қатысты.

Кездесу аясында жастар арасында нашақорлық, жайында толыққанды мағлұмат берді. Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM