Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Си Цзиньпин: Қытайды ыдыратқысы келгендердің әрекетінен түк шықпайды

KAZAKBOL.COM

Қытай президенті Си Цзиньпин Қытайды ыдыратуға талпынғандардың «денесі мыжылып, сүйегі талқандалады» деп мәлімдеді. Бұл туралы AFP жаңалықтар агенттігі хабарлады. Гонконгте төрт айдан бері халық наразылығы басылмай тұр.

Си Цзиньпин өткен демалыс күндері Непалға сапары барысында осындай мәлімдеме жасады. Жексенбі күні Гонконгте шерушілер мен полиция қақтығысып қалған. Оның үстіне, Қытай өз аумағы деп қарастыратын Тайваньда да жағдай шиеленісе бастаған. Бұның алдында Қытай Гонконгтегі баскөтерулерге «сыртқы күштер» дем берді деп мәлімдеген.

AFP мақаласында «шиеленіс ошағының» бірі ретінде Шыңжаң өңірі аталды. Мұнда ислам дінін ұстанатын түркі тілдес халықтарды «саяси тәрбиелеу лагерьлерінде» ұстап отыр.

Батыс елдері мен адам құқықтарын қорғаушылар Қытайды Тибет пен Шыңжаңда аз ұлттарға қысым жасады деп айыптады.

2018 жылы БҰҰ «экстремизммен күрес орталықтарында» Шыңжаңның тұрақты түркі тілдес миллионға жуық тұрғыны отыр.

20 мыңға жуық тибеттік Непалға қашып барған, дегенмен қазіргі коммунистік билік Бейжіңнің қысымымен оларды қатаң тәртіпте ұстап отыр деп жазды AFP.

Гонконгтегі наразылық төрт айдан бері жалғасып келеді. Наразы топ әуелі күдіктілерді Қытайға экстрадициялауға жол беретін заңға қарсы шыққан. Енді олардың талаптары да көбейе түсті. Қазір наразы халық қаланың автономиясы мен гонконг басшылығының биліктен кетуін талап етіп отыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM