Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

СІМ: Суданнан қазақстандықтарды құтқару жалғасып жатыр

KAZAKBOL.COM

Суданда болып жатқан қарулы қақтығыстан бірнеше қазақстандық құтқарылды деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Суданда бір аптадан бері армия мен «Тез қолдау күші» әскери тобы арасында қақтығыс жүріп жатыр.

«Бүгінгі күнге дейін бұл аймақтан бірнеше Қазақстан азаматы құтқарылды. Жұмыс жалғасып жатыр», — делінген СІМ мәліметінде.

Дүйсенбі күні СІМ үш Қазақстан азаматының құтқарылғанын мәлімдеген. Оның біреуі БҰҰ-да, енді бірі жапон компаниясында жұмыс істеген екен.

БҰҰ мәліметінше, қақтығыс басталғалы бері кемінде 400 адам қайтыс болған, төрт мыңға жуығы жараланған. Сейсенбі күні ДДСҰ бұл елде қызылша мен тырысқақ індетінің кең тарап кетуі қауіпі бар екенін ескертті. Себебі соғысып жатқан тараптың бірі биологиялық зертхананы басып алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM