Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сириядағы босқындар лагерінде отырған тәжік әйелдер Эмомали Рахмоннан көмек сұрады

KAZAKBOL.COM

Сириядағы Әл-Хол босқындар лагерінде отырған тәжік әйелдер Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға үндеу жолдап, мемлекет басшысынан елге оралуға көмектесуін сұрады.

Сириядағы босқындар лагерлерінде кезінде Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» тобы жағында соғысқан содырлардың әйелдері мен балалары отыр.

Сирияның солтүстігіндегі Әл-Хол және Родж лагерлерінде шамамен 600 тәжік әйелдері мен балалары отыр. Олардың дені Сирияға күйеулеріне еріп келген, бұл аймақта шын мәнінде не болып жатқанын білмеген.

Тәжікстан президентіне жазған хатында босқындар лагеріндегі тәжік әйелдері мемлекет басшысынан оларға елге оралуға көмектесуін сұраған. Бұның алдында Рахмон Сириядағы лагерлердегі 500 тәжік әйелі мен баласы елге оралады деп мәлімдеген.

«Сіздің сөзіңіз бізге күш берді. Біз отанға оралатын сәтті тағатсыздана күтіп жүрміз. Балаларымыз бұл елде өскенін қаламаймыз», — деп жазды тәжік әйелдері.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM