Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сирияда қауіпті індет тарап жатыр

KAZAKBOL.COM

Сирия тұрғындары лейшманиоза деп аталатын қауіпті індеттен зардап шегіп жатыр. Әл-Хасака провинциясының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Тал Темир қаласында ауруды жұқтырған жағдайлар күнде тіркеліп жатыр.

Сарапшылар Сирияда медицина саласы тұралап, талқандалып қалғандықтан, ахуал нашарлап кетуі мүмкін екенін ескертеді.

Күрдістандағы Қызыл крест ұйымының қызметкері Имод Хасан індеттің жайылуына Хабур дариясы себеп болып жатқанын айтады.

«Дария құрғап, өте көп шіркейлер пайда болды. Лейшманиозаны солар жайып жатыр», -деді Хасан.

Қала билігінің мәліметіне қарағанда, жергілікті ауруханаларда лейшманиоза диагнозымен 13 мың адам емделіп жатыр. Бұл – қала тұрғындарының 25 проценті.

«Ауырып жатқандардың арасында ересектер де, балалар да бар. Әрбір отбасында кемінде екі адам індетті жұқтырған. Дәрігерлер індеттің шығуына Хабур дариясының шетінде жайғасқан елді-мекендегі құрғақшылық себеп болғанын айтып жатыр», — деді Жамил Тайроесімді жергілікті тұрғын.

Осыған дейін лейшманиоза ауруы 2004 жылы Ауғанстанда тіркелген. Ресми мәліметтерге сәйкес, Кабул қаласының өзінде 67 500 адам жұқтырған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, лейшманиоз – шіркей шаққан кезде жұғатын ауру. Шіркей шаққан кезде, денеде жара пайда болады. Жарадан қалған тыртықтар өмір бойы сақталып қалады. Лейшманиозбен ауырған кезде адамның денесі қалтырап, арықтап, қаны азайып кетеді. Дер кезінде емделмесе, өліп кетуі де мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM