Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сирияда ресейлік Ан-26 ұшағы құлап, 39 адам қаза тапты

KAZAKBOL.COM

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Сирияда апатқан ұшыраған Ан-26 ұшағында 39 адам болған.

Қорғаныс министрлігі әзірге қаза тапқандардың аты-жөнін жарияламады. Mash телеграм-каналының мәліметінше, Ресей әуе-ғарыш күштерінің 6-армиясына тиесілі Ан-26 ұшағы Алепподан Хмеймимге ұшқан. Әуе кемесінде жолаушылар да болған.

«Ұшақ Хмеймим аэродромына қонар кезде апатқа ұшырады. Бортта 33 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған», – деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі. Онда сонымен бірге ресейлік әскери қызметкерлер болған.

Ресей тергеу комитеті ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

2018 жылдың ақпан айында Идлиб провинциясында ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшағы апатқан ұшыраған. Ұшқыш Роман Филипов жерге қонып, бірақ құрлықтағы ұрыс кезінде қаза тапқан.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM