Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сириядан келген қазақстандықтар радикалды көзқарас ұстанып жүр — ҰКК

KAZAKBOL.COM

Экстремизм мен терроризмді насиxаттау қарқыны қазақстандық қоғамда радикалдануға себепші болатындай жоғары деңгейде сақталуда.

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан келген қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, xалықаралық террористік ұйымдар Сирия мен Иракта жеңіліс тапты. Сондықтан ондағы содырлар отбасыларымен бірге басқа жерге, соның ішінде өз елдеріне қоныс аударуда. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстанға 125 азамат қайта оралып, олардың 57-сі сотталды, қалғандары бақылауда. Бұл жерде назар аударатын маңызды мәселе, қайтып келгендер радикалдық көзқарасты ұстануда. Олармен профилактика мен бейімдеу жұмыстары жүргізілуде», — деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.
Оның айтуынша, экстремизм мен терроризмді насиxаттау қарқыны қазақстандық қоғамда радикалдануға себепші болатындай жоғары деңгейде сақталуда.

«Сондықтан осы және басқа да факторлар терроризм мен діни экстремизмге қарсы мемлекеттік күрес жүйесін одан ары дамыту қажеттігін көрсетіп отыр», — деп атап көрсетті Н.Білісбеков.
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы күреске арналған бесжылдық бағдарламаны таныстырды.

Министрлер кабинеті аталған құжатты мақұлдады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM