Қаңтар-мамыр айлары аралығында Өзбекстанға 2,6 миллион турист барған. Олардың дені Орталық Азия және Ресей елдерінен. Бұл жөнінде Өзбекстанның статистикалық агенттігі хабарлады.
Мекеме мәліметінше, туристердің ішінде Тәжікстаннан барғандар
(797,8 мың адам) бірінші кезекте тұр.
Келесі орындарда Қазақстан (656,5 мың адам), Қырғызстан (649,5 мың адам), Ресей (279,8 мың адам), Түркия (39,5 мың адам) және Түркіменстан (21,2 мың адам) тұр.
Бұдан бөлек Оңтүстік Кореядан 12,4 мың турист, Үндістаннан 12,3 мың, Қытайдан 9,6 мың және Германиядан 9,5 мың адам Өзбекстанға барған.
KAZAKBOL.COM