Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Солтүстік Корея баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

KAZAKBOL.COM

Солтүстік Корея баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді.

Зымыран Жапон теңізіндегі Солтүстік Кореяның Синпо портына жақын ауданда сүңгуір қайықтан ұшырылған деп хабарлады Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі.

Оңтүстік Корея әскерилері Пхеньянның бұл жолғы сынағының нәтижесі және зымыранның қандай қашықтыққа ұшқаны туралы әзірше дерек жоғын айтады.

Солтүстік Корея сүңгуір қайықтан ұшырылатын баллистикалық зымыран құрастыру технологиясын дамытуға тырысып келеді. Өзге елдер Пхеньянның бұл әрекеті ядролық қауіпті күшейтеді деп алаңдайды. Мамандар Солтүстік Кореяның зымыран жасау ісінде қаншалықты табысқа жеткенін әзірше нақты айта алмай отыр.

Осы аптаның басында Сеул Пхеньянның жаңадан ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатқаны туралы ескерткен еді. Қаңтар айында Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеген соң Пхеньянға қарсы жаңа санкциялар салынған.

Сәуірдің ортасында Солтүстік Кореяның орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынау әрекеті сәтсіздікке ұшыраған.

Дереккөз: Азаттық




KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM