Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізді

KAZAKBOL.COM

Бірер күн бұрын Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды.

Басқосуға АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдері бастамашы болған, — деп жазады Хабар 24.
Жиын барысында АҚШ өкілі: «Солтүстік Кореяны толық жойып жібереміз», – деп, тағы да сес көрсетті.

— Солтүстік Кореямен соғысуға сылтау іздеген емеспіз. Әлі де ниетіміз жоқ. Бірақ олардың арандату әрекеттері дәл осылай қарқын ала беретін болса, соғыс отының тұтануы ғажап емес. Олай бола қалса, күмәнім жоқ, Солтүстік Корея режімі жойылады, — дейді БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды. Ол 53 минутта мың шақырымдай қашықтыққа ұшып, Жапон теңізіне құлады. Іле шала ресми Пхеньян жаңа зымыран АҚШ-тың кез келген нүктесіне жетіп, нысананы жоя алатынын мәлімдеді.
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM