Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сот Қазан оқиғасына байланысты Алмазбек Атамбаев бастаған күдіктілерді ақтады

KAZAKBOL.COM

Бішкектегі Бірінші май аудандық соты 2020 жылдың қазан айында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысты шешім шығарды.

Елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаев бастаған күдіктілердің бәрі «құрамында қылмыстық әрекет жоқ» деген себеппен ақталды.

Сот процесі кезінде мемлекеттік айыптаушы Алмазбек Атамбаевты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Осы бап бойынша экс-президенттің бұрынғы кеңесшісі Фарида Ниязова мен Қанат Сағымбаевқа 7 жыл беруді сұраған.

Атамбаевтың өзі бұл сот процесін «цирк» деп атап, соңғы сөзін бостандыққа шыққан кезде айтатынын жеткізген.

2020 жылдың қазан айында парламент сайлауының нәтижесіне наразы болған жұрттың митингісі жаппай тәртіпсіздікке айналып, соңы биліктің ауысуына әкелген. Бұл оқиға бойынша жеті адамға айып тағылған болатын.

28 маусымда сот Алмазбек Атамбаев пен Фарида Ниязованы түрмеден босатып, үйқамаққа ауыстыру жөнінде шешім шығарды.

Осыған дейін Қырғызстанның омбудсмені Әтір Абдрахматова ел президенті Садыр Жапаровқа үндеу жасап, тез арада Фарида Ниязованы денсаулығына байланысты ұстау мәселесін қайта қарауды сұраған.

Алмазбек Атамбаевтың отбасы да оны емдетуді талап етеміз деп отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM