Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Сот шешіміне қаржы министрлігі қарсы. «Қаңтар оқиғасында жәбірленгендерге өтемақыны біз емес, жәбірлеген орган төлеуге тиіс»

KAZAKBOL.COM

Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалған, кейін кінәсі дәлелденбей босатылғандарға өтемақыны «оларға залал келтірген орган төлеуге тиіс» деп санайды.

Қаржы министрлігінің ұстанымы бүгін Өскемен қаласының тұрғыны Ренат Жұбақовқа өтемақы төлеуге келіспей, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына түсірген шағымында айтылған.

26 мамырда Астананың Есіл аудандық соты Ренат Жұбақовтың өтемақы сұраған талабын ішінара қанағаттандырып, 5 миллион теңге беру жөнінде шешім шығарып, өтемақыны қаржы министрлігіне жүктеген еді.

Бұл шешімге келіспеген қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалған Ренат Жұбақов “заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған”, сондықтан оған өтемақыны тікелей залал келтіруші — құқық қорғау органдары өтеп беруге тиіс деп есептейді.

Министрлік уәжіне қарағанда, әрбір мемлекеттік мекемеде қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген бірыңғай бюджеттік сыныптама болады. Сол құжатта атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау бойынша шығындар да көрсетіледі. Яғни, мемлекеттік мекеменің міндеттемелері өз иелігіндегі ақшамен жабылады.

Ал Ренат Жұбақов қаржы министрлігі мемлекеттік органды қаржыландыратын мекеме болғандықтан, «одан өтемақы талап ету – заңды құқығымыз» деп санайды.

Ренат Жұбақов Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, екі ай қамауда болған. Тоғыз ай қаладан шықпау туралы қолхатпен жүрген. Кейін, 2022 жылы желтоқсанда оның “кінәсі дәлелденбегендіктен” жауапкершіліктен босатылған. ШҚО прокуратурасы кешірім сұраған.

4 шілдеде Астана қалалық әкімшілік соты Қаңтар оқиғасы кезінде жараланған, әрі азапталып, екі көзінен айырылған 38 жастағы Ермек Әбдірешовтың өтемақы туралы талап арызына байланысты істі қарағанда прокурор өтемақы төлеуге тиіс орган ретінде қаржы министрлігін атаған. Алайда сотқа келген қаржы министрлігінің өкілі Мүнира Кәрімова «өтемақыны Әбдірешовтің денсаулығына залал келтірген ведомстводан сұрау керек» деген уәж айтқан. Судья Назгүл Арапбаева сот шешімін кейінге қалдырған.

Қаржы министрлігі бұдан бұрын Өскемен тұрғыны, Қаңтар оқиғасының қатысқан Ерқанат Жеңісұлына да өтемақы төлеуге келіспеген. Астананың Есіл аудандық соты Жеңісұлына 10 миллион теңге моральдық өтемақы беріледі деп шешім шығарған. Бірақ қаржы министрлігі апелляциялық сатыда өтемақыны құқық қорғау органдары беруге тиіс деген уәж айтқан.

Апелляциялық сот қаржы министрлігін жауапкершіліктен босатпаған, алайда 26 сәуірде өтемақы мөлшерін екі еседен артық — 3 миллион теңгеге азайтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM